Бар жақсылық балаларға: исатайлық полицейлер балаларды мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылды елімізде - Балалар жылы деп жариялаған еді.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жайсыз отбасы» есебінде тұратын көп балалы отбасылардың балаларын мерекемен құттықтады. Тәртіп сақшылары балаларға естелік сыйлықтар мен тәттілер табыстады.

.

- Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері болып балаларды мерекемен құттықтауды жөн санадық. Жылдағы дәстүр бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан бөбектерге мерекелік көңіл-күй тарту ету мақсатында арнайы үйлеріне барып құттықтап, ізгі тілектерімізді арнап қайттық - деді, Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Данияр Бимуханов.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521