Бәріне қарсы дауыс беруге болады

Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі – «бәріне қарсымын» деген графаның қосылуы.

Президент сайлауы бюллетенінде алты үміткерден бөлек, «Бәріне қарсымын» бағаны да көрсетіледі. Бұл халықтың қатысуын есептегенде ғана ескеріледі. Дауыс беру кезінде кез келген қазақстандық өз көзқарасына байланысты барлығына қарсы дауыс бере алады. Ол сайлауға қатысатын барлық кандидаттарға қарсы дауыс береді, оның дауысы еш жерде есептелмейді.
«Бәріне қарсымын» бағаны сайлау нәтижесіне еш әсер етпейді. Онда белгілі бір үміткерге берілген дауыстар ғана саналады. Қазақстандықтардың сайлауда өз пікірін білдіре алуы сайлауға қатысу құқығының жүзеге асатынын көрсетеді. Мұнан еш қайшылық көріп тұрған жоқ. Ешкім үміткерлерді күштеп таңбайды. Сайлауды өткізудің басты мақсаты – азаматтарға өз пікірін білдіру құқығын беру. «Бәріне қарсымын» дауысы да пікір болып саналады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз