ШАЙКОС Динара Садуақасқызы, Қыздар арасындағы қазақтың тұңғыш кәсіби бас-гитаристі:
– Өнер – ұлттың рухани коды, жүректің үні. Ол – адам жанын тәрбиелейтін, санаға сәуле түсіретін құдіретті күш. Қазақ топырағында талай өнер саңлақтары өсіп-өркендеген. Соның ішінде мен туып өскен Исатай ауданы да тұла бойы талантқа тұнған, күй мен жырдың бесігі. Елге танымал күйшілер, ақындар мен дарынды өнер иелері осы топырақтан түлеп ұшты. Міне сондықтан өнер мені бала күннен баурады десек артық айтқаным емес. Мен өнерлі отбасында дүниеге келдім. Әкем Садуақас Мұханбетжанов ауданымыздың мақтанышы, республикалық деңгейде топ жарған «Айгөлек» вокалдық ансамблінің белді мүшесі. Оның сахнадағы талпынысы мен адалдығы маған үлкен үлгі болды. Балалық шағымда «Жанбай» балалар саз мектебінде 7 жыл бойы домбыра үйірмесіне қатысып, сол жерде музыкалық сауаттылыққа алғашқы қадамымды бастадым.
Жалғасы газеттің №31 (4244) санында
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ