Бас жүлдемен оралған Темірлан

Өткен аптада Атырау музыка  колледжінің 65 жылдығына орай өнерпаздар арасында байқау өтті.  Алпыс оқушы арасынан ауданымыздың намысын қорғаған Темірлан Еркін болды.

«Дина Нұрпейсова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің 65 жылдығы аясында балалар музыка және өнер мектептері оқушыларының арасынан «Фортепиано» пәні бойынша III облыстық  «Әуен толқынында» атты байқауында Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқушысы Темірлан Еркін Бас жүлдемен марапатталды.  Сондай-ақ, жетекшісі Эльмира Темірболатова да лауреат дайындағаны үшін оған арнайы  диплом табысталды. 

-Бұл байқауда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы, облыстық музыка мектептерінің оқушылары да бақтарын сынады. Ауданнан тек біздер барған едік.  Темірлан Ш.Шәріпов атындағы саз мектебінде вокал сыныбында оқиды. Фортепиано аспабын қосымша өзінің қызығушылығымен оқып жүрген оқушым. Осыған дейін көптеген халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты атанды. Айта кетсем, ол аудандық «Балапан Жұлдыз-2020» байқауы-1 орын, облыстық  балалар жылына орай ұйымдастырылған «Жас Талант-2022» балалар ән байқауы – арнайы жүлде, V республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауы – вокал номинациясы бойынша Бас жүлде, облыстық «Біз таланттарды іздейміз» конкурсы эстрадалық вокал номинациясы бойынша 1 орын, V халықаралық Мұқағали оқулары «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» - вокал номинациясы бойынша Бас жүлде иегері.

Бұдан бөлек, көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен оралып жүрген үздік оқушымыз. Тек ән емес, әдебиеттен де құр алақан емес. Оқушым өте таланты. Өнерге деген ынтасы бар. Өнер дегенде, бір бүйрегі бұрып тұрады. Қандай жарыстарға барса да, әрдайым жүлдемен оралады. Оқушым Темірланнан көп үміт күтемін. Алдағы жарыстарда сәттілік тілеймін оқушыма,- дейді ұстазы Эльмира Нұрғуатқызы. 

 

Жұлдыз Сембиева

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521