БАСҚАРМАДА – ЖАҢА БАСШЫ

Ғалымова Күмісгүл Ғалымқызы 3-ақпаннан бастап  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының ауысу тәртібімен ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойын-ша Қазынашылық департаментінің  Исатай аудандық қазынашылық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Атырау облысы Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Жазылбек Сюнгалиев ауданымызға арнайы келіп, бұйрықпен таныстыра өтіп, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.

Күмісгүл Ғалымқызы 1981 жылы 28 сәуірде Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылдың қаңтар айында Исатай орта мектебінде бас есепші болып бастаған. 2006 жылы қыркүйек айында Исатай аудандық қазынашылық бөлімінде бас маман – бас қазынашы,  2013 жылы «Потенциол-Ойл» ЖШС лаборант болып қызмет еткен. 2015 жылы шілде айында Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде бас маман – бас қазынашысының міндетін атқарса, кейін сол жылы желтоқсан айында Исатай ауданы әкімінің аппаратында қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, 2016 жылдың тамыз айынан бастап күні бүгінге дейін аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған. Отбасылы, 3 ұл, 1 қызы бар.

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT