«Бастау-бизнес»: исатайлықтар 10 грант ұтып алды

Исатай ауданынында «Бастау-бизнес» жобасының 2-кезеңі басталды.

Оған 27 тыңдаушы қатынасуда. Курс онлайн форматында өтуде және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған және оған жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, өз бизнесін ашқысы келетіндер мен бизнестерін кеңейткісі келетін кәсіпкерлер қатысуда.

Өткен аптада аталмыш курстың 1-ші кезеңіне қатысқан 24 тыңдаушының 22-сі өз бизнес жобаларын комиссияның алдында сәтті қорғап, осы айда жоспарланған қаржы көлеміне сай 10-ы қайтарымсыз гранттар ұтып алды.

Грантты ұтып алғандар сүт өнімдерін өңдейтін, ағаш шеберханасына, тігіншілерге, шаштаразға қажетті, балмұздақ жасайтын, жалдамалы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құрал-жабдықтарды алуды жоспарлауда.

Н.Мусин,

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521