«Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқыту жалғасуда

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқыту биыл да жалғасатын болады.

Бүгінде Исатай ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау- бизнес» жобасы аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерлік бастама шалғай ауылдарда тұратындар үшін пайдасы зор. Себебі, аталмыш жобаға тек жұмыссыздар ғана емес, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да қатыса алады және биылғы жылғы оқудың ерекшелігі онлайн форматында ұйымдастырылуда. Жеке кәсібін ашуға ниеттенгендерге көрсетілетін бұл қолдаудың тыңдаушыларға көмегі көп. Кәсіпкерлікке ниеттенгендерге кәсіби даярлығы бар бизнес-тренер дәріс беріп, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп, бизнес ойларын қағазға бизнес-жоспар етіп түсіріп беруге көмектеседі. Курс аяқталғанда аталған жобаның тыңдаушыларына сертификат табысталады. Осы сертификат негізінде кәсіпкерлік бастамасы барлар қолжетімді пайызбен несие алуына немесе қайтарымсыз гранттар ұтып алуға конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Курста тек бір бизнес-тренердің дәрісі емес, тыңдаушылардың сұранысына орай жергілікті атқарушы органдардың да жауапты қызметкерлері өз құзыреттері шегінде кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдаулар жөнінде түсінік беру жұмыстары жолға қойылған. Биыл аудан бойынша 100 тыңдаушы аталған жоба аясында казіргі пандемиялық қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн форматында оқытылмақшы.

Үстіміздегі аптаның дүйсенбі күні аталмыш жобаның 1-ші кезеңі басталмақ, әр кезеңде 20 тыңдаушыдан оқытылу жоспарлануда. Курсты Орал қаласынан арнайы келген бизнес-тренер А.Қадырхан жүргізетін болады.

Нұрым Мусин,

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы

Исатай аудандық филиалының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521