«Нұр Отан» партиясының құрамы 9 топтан тұратын «Тұщықұдық» бастауыш партия ұйымы (БПҰ) партия Төрағасының елдің дамуы, қоғамда тұрақтылықтың сақталуы жөніндегі келелі міндеттерін жүзеге асыруға өзіндік үлесін қосып келеді.
230-ға жуық мүшесі бар ұйымның 81 пайызын әйелдер, 19 пайызын ерлер құраса, 30 жасқа дейінгі жастар 14 пайыздық көрсеткішке ие, ал кәсіпкерлер мен шаруагерлер үлесі 4 пайыз. Ұйымның міндеттер үдесінен шығу жолында жұртшылықпен жүйелі жұмысты да қолға алған жайы бар. Мәселен, мұнда «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында тыл ардагерлерінің әлеуметтік жағдайларын зерделеу, ұзақ жасаған қарияларды, мүгедек жандарды мерейлі жастарымен ұлығылау шаралары дәсүрге енген. Сондай-ақ «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобалары аясында мүгедектерге қамқорлық, жайсыз отбасыларындағы балалардың хал ахуалын бағдарлау, көмектер көрсету, еңбек ұжымдарында партияның 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру, басқа да өмірімізбен өзектес мәселелер қамтылған.
Аталған ұйымның 2018 жылғы республикалық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» конкурсына қатысуды жоспарлауы да мұндағы белсенділіктің бір көрінісі еді. Ол да нәтижесіз болған жоқ, ынталандыру және уәждемелеу жүйесіндегі жұмыстар негізінде 100-ден 500-ге дейінгі мүшелері бар БПҰ арасында облыстық деңгейдегі «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында жүлделі екінші орын алып, ІІ дәрежелі диплом, «Үздік бас-тауыш партия ұйымы» статуеткасы, ноутбук сертификатын (суретте) иеленді. Облыстық партия филиалының есеп беру-сайлау конференциясында арнайы табысталған осынау марапаттармен ұйым мүшелері де таныстырылып, бұл жетістіктегі партиялық топтар жетекшілерінің еңбегі аз еместігі айтылды.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР