БАТЫЛ РЕФОРМАЛАР БОЛАШАҚҚА БАСТАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ертеңі үшін маңызды реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Мұны Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының бүгінгі орындалысынан айқын аңғаруға болады.

Президент реформаларының жалпы түйіні – Әділетті Қазақстан құру. Яғни, азаматтардың өсіп-өркендеуі үшін тең жағдай жасалып, бірдей мүмкіндіктер берілсе, әділетті мемлекет деген сол. Әсіресе, «Ұлттық қор – балаларға» деген бағдарлама қоғамда зор қолдауға ие болды. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының жартысы балалардың арнайы жинақ шотына аударылады. Кейін олар 18 жасқа жеткен соң сол қаражатқа баспана, білім алады. Бұл жобаны Президент 2024 жылы іске қосуды тапсырды. Екіншіден, энергоресурстардан түсетін табыс әр қазақстандыққа аударылатын болады. Бұл шешімді халық отыз жыл күткен еді. Үшіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлы білім сапасын арттыру бойынша да батыл бастамалар көтерді. Соның бірі – ел қазынасын қалтаға басқандардан тәркіленген «байлықты» мектеп құрылысына жұмсау. Себебі, білім ұялары мен оқу орталықтары көбейгенде ғана мемлекет дамиды. Төртіншіден, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да Президент басымдық беруде. Өзі айтқандай, банктерде экономикаға пайда келтіре алмай триилиондаған қаражат бос жатса да, бизнесті қаржыландыруға 42 млрд теңге жетпей отыр. Бұл – ақылға қонымсыз жайт. Сондықтан, ол тиісті құрылымдарға шетелдік тәжірибелерді негізге алып, тығырықтан тез шығу жолдарын табуды тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге субсидия арқылы қолдау жасалса, одан бетер жақсы бола түсер еді. Себебі, мұнымен жұмыссызды мәселесін де шешуге болады. Жұмыссыздық демекші, Қашаған мен Теңіз кен орындарындағы жобаларға да жұмыссыз жастарды тарту керек. Қалай десек те, біз әлемде жалғыз мемлекет емеспіз. Қасымызда көршілеріміз, алыста да араласып отырған елдер бар. Олармен сауда-саттық, экономикалық және басқа да қарым-қатынастар үзілмейді. Сондықтан өзге елдерде орын алып жатқан жағдайлардың бізге де әсер етпей қоймасы анық. Ендеше, басқа мемлекеттерде болып жатқан оң өзгерістерден үйреніп, тәжірибе алмасуымыз қажет. Ал, келеңсіз оқиғалар болып жатса, бізге сабақ болуы керек. Сонда ғана біз Жаңа Қазақстанның кірпішін қалап, негізін құрамыз деп ойлаймын.

 

Мұрат САРМАНОВ, «Қазақстан фермерлер одағы» Атырау облыстық филиалының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521