Баяндама

2018 жылдың 20 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне байланысты атқарылған жұмыстар қорытындысымен алқа жиналысы өтті.

Мәжіліс барысындағы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың

Баяндамасы

Өткен жылы біздің негізгі күшіміз Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бірілген тапсырмаларды сапалы атқаруға бағытталған болатын.

Бүгінгі күні біз Ұлт жоспарының алғашқы бағытының 15 қадамынан 13-ін сәтті іске асырдық.

Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамалар мен мемлекеттік аппараттың одан әрі даму басымдылықтары айқындылды.

Басты бағыт – қалыптасқан кәсіби стратегиялық мемлекеттік қызметтен инновациялыққа ауысу бойынша негізгі міндет.

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында атап өткендей, Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан сауда экономика моделі қалыптасты.

Өткен жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына бастама берген Еліміздің Үшінші жаңғыруы іске асырылуда.

Жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын тиімді іске асырунәтижесінде, жалпы ішкі өнім 4,1(төртте бір) пайызға (2016 жылғы 1% салыстырғанда) өсуіне қол жеткіздік.

Оған сыбайлас жемқорлық шараларын қабылдау едәуір ықпал етті. Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі мен жалпы ішкі өнімнің өсуі арасындағы байланыстыру халықаралық валюта қорымен белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлықтан еркін, құқықтық мемлекетке ауысу шеңберінде азаматтарды және бизнесті сенімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің цифрлық саласына максималды жағымды әлеуметтік-экономикалық және инвестициалық ахуалды қалыптастыру қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT