Бейбіт күннің батырлары марапат төрінде

Суреттер автордікі

 

Исатай ауданында Құтқарушылар күніне арналған «Бейбіт күннің батырлары» атты салтанатты шара өтті. Бұл күн – ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін күзетіп жүрген жандардың қажырлы еңбегін дәріптейтін айрықша мереке. Өрттен, су тасқынынан, табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан адам өмірін арашалап жүрген құтқарушылардың еңбегі осы күні лайықты бағаланды.

 

 

Салтанатты кештің шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Жанұзақов ашып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде құтқарушылардың ерлігі мен жауапкершілігі мол қызметінің қоғам үшін маңызын атап өтіп, аудан әкімінің атынан алғыс білдірді.

– Сіздер – нағыз батырсыздар. Себебі, әрбір құтқарушының өмір жолы – ерлікке, адалдық пен адамгершілікке толы. Бейбіт күнде халықтың қауіпсіздігін сақтау – кез келгеннің қолынан келе бермейтін ауыр міндет. Сол жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген баршаңызды шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын, – деді ол.

 

 

Мереке барысында өз қызметіне адал, кәсіби міндетін мінсіз атқарып жүрген азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. «Ардагер-ветеран», «Асыл ардагер», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымына 20 жыл» төсбелгілері және аудан әкімінің Алғыс хаттары Сабыров Мақсот Жолдасұлына, Ихсанова Ғалия Қайдуқызына, Марданов Жұмағали Ғизатұлына, Отаров Орынбек Есенгелдіұлына, Машаева Қанзиба Насиғоллақызына, Хайрлиев Айдарбек Қанатұлына, Есмағанбетов Болатбай Балмолдаұлына, Хамзин Ғалым Тұқпатұлына табысталды.

 

 

Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатымен Нұрасбек Рахатұлы, Кубиев Баубек Аманжолұлы, Ибраемов Артур Орынғалиұлы, Хамитов Азамат Асетұлы, Утешов Ернар Боранбайұлы, Шахуов Нұрғали Қуанышқалиұлы, Сыдых Мейірбек Мұратұлы, Нұрланова Ақерке Ғафурқызы, Жайдарбек Нұрбек Мұрасбекұлы, Шатеков Бекболат Тілекқабылұлы марапатталды.

 

 

Аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары Насиғолла Дарынбек Жұмагелдіұлына, Асылбек Ашият Тұрарбекұлына, Сабиров Медет Хайрушұлына, Өтешқалиев Мырзабек Тілекқабылұлына, Бекенов Байболат Бисенбайұлына табысталды.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Ғарипжан Құрманов өз тарапынан Сапаров Еркебұлан Темірұлына, Ғайнетов Мерей Жасұланұлына, Құттыбай Ахметәлі Құттыбайұлына, Жұмаханов Қасымхан Аманжолұлына, Макаримов Рауан Телжанұлына Алғыс хаттар табыс етті.

 

 

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының әсем әндері мен күмбірлеген күйлерімен өрнектеліп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңында құтқарушылар мен қонақтар естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

Құтқарушы – аты айтып тұрғандай, адам өмірінің арашасы. Олар – дабыл қаққан сәтте ең алдымен қауіпке беттейтін, өзгелердің амандығы үшін өз өмірін тәуекелге тігетін жандар. Исатайдағы бұл мереке – бейбіт күннің батырларына деген ел құрметінің айғағы болды.


Е.УӘЛИТХАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT