Бейбіт саясат - биік бедел

 

Президенттің Жолдауында айтылғандай, көптеген мемлекеттердің Қазақстанмен достық қарым-қатынас орнатуға және тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылуы – елдің халықаралық аренадағы беделінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл – еліміздің бейбіт, көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатының жемісі.

Қазақстан халықаралық ұйымдарда белсенділік танытып, жаһандық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі сияқты маңызды мәселелерде өз үлесін қосып келеді. Осындай жауапты ұстаным мен сенімді әріптес ретіндегі беделіміз шетелдік мемлекеттермен тұрақты қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Бұл өз кезегінде еліміздің дамуына, инвестициялық ахуалдың жақсаруына, жаңа жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Сондықтан халықаралық аренада осы бағыттағы ұстанымымызды сақтап, ел мүддесіне сай сыртқы саясатты жалғастыру – басты міндеттердің бірі.

 

 

Нұрдәулет АТЕЛОВ, 

Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT