«БЕКІРЕ-2020» акциясында 47 заңбұзушы жауапкершілікке тартылды

Бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерін сақтау шараларын күшейтуге бағытталған «БЕКІРЕ-2020» кең ауқымды балық қорғау акциясының 9 күні қорытындыланды.

Акция басталғаннан бері табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері 97 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтады, оның ішінде Атырау облысы аумағында – 84, Маңғыстау облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 6 бұзушылық. Әкімшілік жауапкершілікке 47 бұзушы тартылған.

Акция барысында балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 921,2 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Алынған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 тонна 103 кг балық, оның ішінде 61,1 кг бекіре тұқымдас балық, 23 бірлік аулау құралы, 6 жүзу құралы және бір автокөлік алынды.

Өткен жылмен салыстырғанда, талдау көрсетіп отырғандай, тыйым салынған уылдырық шашу кезеңіндегі құқық бұзушылықтар мемлекеттік органдардың алдын алу жұмысы нәтижесінде төмендеп келе жатыр, су айдындарында заңсыз жүзу құралдары да, заң бұзушыларда жоқ дерлік.

aktsiya

Мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында бекіре тұқымдас балықтар өсіру зауыттары үшін 27 өндіруші ауланды, оның ішінде 1 – қорытпа аналығы, сондай-ақ, шоқыр мен бекіре аталықтары және аналықтары бар. Жыл сайын Жайық өзенінің арнасы барконьерлік аулау құралдарынан сүзіліп, тазартылады.

Аталған іс-шаралардың нәтижелерінде Жайық-Каспий бассейні су айдындарынан 394 бірлік заңсыз аулау құралы алынды, басым көпшілігі – «қытайлық» өндірістің мотонталшықтан тоқылған синтетикалық аулары.

Акция шеңберінде өткізілетін іс-шараларды жүзеге асыру бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу орындарына өтуіне және табысты молаюына мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT