Белсенді жастар "Naryn tany" газетінің "Жас дәурен" бетін жасақтады

Исатай аудандық орталық кітапханада "Naryn tany" қоғамдық-саяси газетінің 70 жылдығына орай "Баспасөз және жастар" атты ауданның белсенді жастарымен кездесу кеші өтті.

Шараның негізі мақсаты-аудандық газет тілшілері  мен басылымның шығу тарихын жастарға наихаттау. Жастарды баспасөзбен байланысқа тарту. Әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайға пікір қалыптастыру. «Жастық жалын-қоғамға» дегендей көпке пайдалы іс қылу. Жастармен бірге газеттің «Жас дәурен» бетін дайындап, редакцияның тыныс-тіршілігімен таныстыру. Шараның алғы сөзін "Naryn tany" газеті бас редакторының міндетін атқарушы Аяпберген Салихов ашып, қатысушыларға басылым тарихынан сыр шертіп, редакция құрамымен таныстырды. Содан соң "Жалын" мәдениет үйінің өнерпаздары әуезді әнмен әрлеп, шараның көркін қыздырды.  Жастар толғандырған сұрақтарын редакция құрамына жолдап, өз ойларын ортаға салды. Газетінің бет құрушы-дизайнері-Нұрқабыл Даулетияров жастарға газет бетінің қалай құрылатынын жіті түсініндіріп, іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар қатысушыларға белгілі бір тақырып беріп, газеттің "Жас дәурен" бетін жасақтауды қолға алды.

– Аудан айнасы атанған газеттің жастар үшін орны ерекше. Біз үшін бүгінгі шара өз деңгейінде өтіп, газеттің маңыздылығын одан әрі көрсеткендей. Сонымен қатар бет құрушы маманмен бірге газеттің құрылысын көріп, редакцияның бір күндік өмірін көргендей болдық. Қарапайым дүние болып көрінгенімен ішкі ас үйі қайнап жатқан қазандай қызу жұмысты талап ететініне бүгінгі шара арқылы көзіміз жетті. Сіздерді 70 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз,-деді "Жастар ресурстық орталығының" маманы Еркебұлан Зинеденов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT