Білікті мамандар – ел болашағының кепілі

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде жүрген отандас білікті мамандарды елге қайтарудың нақты және тиімді тетіктерін әзірлеу қажеттігін баса айтты. Бұл бастама тек кадр тапшылығын шешу үшін ғана емес, еліміздің зияткерлік әлеуетін күшейту мен стратегиялық бағыттарда нақты ілгерілеуге қол жеткізуге арналған маңызды қадам болмақ.

Қазіргі жаһандану дәуірінде ғылым мен технология қарқынды дамып жатыр. Мұндай жағдайда бәсекеге қабілетті ел болу үшін жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Әлемнің үздік оқу орындарында оқып, тәжірибе жинақтаған қазақстандық мамандардың өз елінде еңбек етуі – ұлттық мүдде. Бұл тек білім мен тәжірибенің ел ішінде қалуына ғана емес, сонымен қатар жастарға үлгі болып, жаңа буын мамандардың қалыптасуына оң әсер етеді.

Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы еліміз үшін стратегиялық мәнге ие. Озық ойлы, жаңашыл кадрлар ел дамуына серпін беріп, ғылым, технология, өндіріс салаларындағы жаңалықтарды ендіруге жол ашады.

 

Асқар АБУОВ;

Нарын ауылының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT