Білім беру саласында 24 жыл қызмет етіп, медицина саласының еңбек ардагері, аққыстаулық Айгүл Темірова бүгінгі саяси додада белсенділік танытты. №133 сайлау учаскесіне келген ол өз азаматтық борышын орындап, дауысын берді,-деп хабалайды "Нарын таңы" газеті. Сонымен қатар сайлау барысын жіті бақылап отырған байқаушылар қатарында да болды.
Айгүл Темірова – ұзақ жылдар білім ордасында медбике ретінде еңбек еткен. Ол сайлау – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам екенін айтып, жастарды белсенділікке шақырды.
— Әр азаматтың дауысы маңызды. Бұл – елімізді өркендетуге қосқан өз үлесіміз,-дейді ардагер ұстаз.
Сағыныш ҚАЙЫР