Білім беру саласының қос өкілі дауыс берді

 

Бүгін №133 сайлау учаскесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева мен Абай орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Нұрлан Утешов өз таңдауларын жасап, саяси науқанға белсене қатысты, -деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.

Білім саласының білікті мамандары ғана емес, өмірде де жарасымды жұп атанған бұл отбасы өз азаматтық борыштарын адал атқарып, жастарға үлгі көрсетті. Олар еліміздің ертеңі үшін жауапты шешім қабылдау — әрбір азаматтың парызы екенін алға тартты.

— Бұл – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды сәт. Сондықтан біздер отбасымызбен осы маңызды саяси додадан қалыс қалмадық,-деді Нұрлан Утешов.

№133 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы Айболат Абдоловтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытқа дейін 1414 тіркелген сайлаушының 123-і дауыс беріп үлгерген.

Сайлау барысы тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Комиссия мүшелері сайлаушылардың белсенділігін оң бағалауда.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT