БІЛІМДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙДЫ

(0 Votes)

Өткен аптада аудандық білім бөлімінің  жылдық жоспарына сәйкес,  Исатай орта мектебінде аудан мектептерінің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Сапалы білім ортасын дамытуға жаңашылдық» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Бұл семинардың басты мақсаты – білім сапасын арттыру, педагогикалық тәжірибені жаңаша көзқараспен дамыту болды.

Семинар барысында білім саласының жетекші мамандары мен спикерлер «Мектептегі тиімді көшбасшылық», «Сабақты тиімді жоспарлау», «Ротация – тиімділік пен өзгеріс көрсеткіші» тақырыптарында пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, білім саласындағы әрбір жаңашылдықтың тиімділігі мен мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер арасында жаңа қарым-қатынастарды қалыптастыру жолдары да талқыланды. Орынбасарларға арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер ұсынылды. Тренинг барысында әріптестер өзара тәжірибе алмасып, жұмыс процесінде кездесетін қиындық-тарды жеңу жолдарын бірлесе қарастырды.

– Жиын жоғары деңгейде өтті. Семинарды ашқан аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айнұр Төре-байқызы ауданы-мыздағы білім беру саласының қазіргі жағдайы мен оның даму бағыттары туралы айтып таныстырды. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы әріптестеріміз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары да қатысып, «Мобилография – заман ағымы» тақырыбында құнды ақпараттарын ортаға салды,-дейді Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Мырзағалиева.

Бұл семинар барысында білім саласындағы жаңа үрдістер мен заманауи әдіс-тәсілдер жайында жан-жақты мағлұмат алынып, тың идеялар мен тәжірибелер алмасылды. Жиын нәтижесінде білім саласында жаңашылдықтарды енгізу мен тиімді тәжірибе алмасу мәселелері бойынша нақты ұсыныстар жасалып, қатысушылар өз білімдерін әрі қарай дамытуды мақсат тұтты. Құнды семинар мен тиімді тәжірибе алмасу күні білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

 

Ж.АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT