Білімді ұрпақ ел болашағы

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялап жатыр.

Осы орайда, мен де өз пікірімді білдіре кеткенді жөн санап отырмын. Мемлекет басшысы еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.  Онда еліміз үшін қажетті атқарылар істер және олардың қажеттігі туралы орынды, салиқалы пікірлер айтылды. Әсіресе, білім беру саласы, оны дамытудың қажеттігі туралы айтқан сөздері өте ұнады.

-Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет-деді ол өз сөзінде.

Мемлекет басшысының осы бір сөзі барша ұстаздарға үлкен сенім мен зор жауапкершілікті де артты деуге болады. Сонымен қатар, білім беру, ұрпақ тәрбиелеу тек мектеп пен ұстаз ғана емес ата - ананың да айрықша міндеті деп атап көрсетуі қазіргі кездегі ерекше қажеттілік деп ойлаймын.  Осы міндеттерді орындау үшін ардагер ұстаз ретінде өз үлесімді қосуға атсалысамын деп айтқым келеді.

 

Ерболат Насимуллин,

Исатай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT