ӘБІЛХАЙЫР – ҮЗДІК ДИРИЖЁР

Атырау қаласында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен музыка және өнер мектептері оқушыларының арасындағы қазақ халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің облыстық байқауы өткізілген еді.

Онда Атырау қаласы, Индер, Махамбет,  Мақат аудандарынан келген 6 оркестр, 6 фольклорлық ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салған-ды. Оған, сондай-ақ, біздің  ауданнан барған  Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің оқушыларынан құралған,  жас маман Әбілхайыр Есентайұлы басшылық ететін «Балдырғандар» оркестрі мен Жанбай балалар саз мектебі оқушыларының Гүлзира Тұяққызы жетекшілік ететін «Шабыт» фольклорлық ансамблі де қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.

Байқау қорытын-дысында аудандық саз мектебінің оқушыларынан құралған оркестр мен ансамбль жүлделі 3 орынға ие болса, ал оркестр жетекшісі, әрі дирижёры,  жас маман Әбілхайыр Есентайұлы облыстық байқаудың  “үздік дирижёр” номинациясымен марапатталды.

                                                                   

 

Альбина Мидар,

                         Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің сырнай пәнінің ұстазы, педагог-зерттеуші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521