«Біреуді өлтіру үшін емес, өзіміз тірі қалу үшін оқ аттық»

15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуына 31 жыл толмақ.

Атаулы күнге орай бүгін Исатай ауданының орталығындағы Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалисттерге арналған мемориал-ескерткіш жанында митинг өткізілді.

Ескерткішке гүл қою рәсіміне Ауған соғысының ардагерлері, аудандық мәслихат, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысты. Қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсету үшін аудан тұрғындары да жиналды.

mit-aug120220

- Тоғыз жылдан астам уақытқа созылған соғысқа 600000-ға жуық КСРО азаматы қатысты, соның ішінде 22000-ы қазақстандықтар. Аталған соғыста біз өзімізге берілген әскери тапсырманы ғана орындадық. Қазір түрлі пікірлер айтылып жүр. Бізді қаралаушылар да жоқ емес. Бізге сендер өз дініңдегі тұрғындарға оқ аттыңдар деушілер де болды. Біз оқ атсақ, біреуді өлтіру үшін емес, өзіміз тірі қалу үшін аттық, - деді шараға арнайы қатысқан Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы төрағасы Ғабиден Қайыржанов. Ал, аудан әкімі Марат Мурзиев «Исатай ауданынан 11 азамат Отан алдындағы парызын өтеу үшін Кеңес әскері құрамында ауған жеріндегі соғысқа қатысты. Олар өз Отанының нағыз патриоттары еді. Еліне қорған болған, бүгінде отбасының тірегі болып жүрген, татар дәмі, көрер жарығы таусылмай, туған жеріне аман-есен оралған жауынгер жерлестеріміз егемен еліміздің болашағы жолында өз күш-жігерлерін жұмсап жүр» деді.

Одан әрі опат болғандар боздақтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен жалғасқан шара тебіреніске толы сөздер арнауға жалғасып, Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғы қойылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521