Біреудің орнына біреу дауыс беріп жібереді - Әбдірасұлов

Биыл елімізде Президент сайлауының алдында алғаш рет «Қазақстан заңгерлер одағының» бастамасымен «Адал сайлау үшін» штабы құрылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

  

Штабтың міндеті халыққа сайлау заңын, олардың қандай міндеттері мен құқықтары барын түсіндіру, сайлаушылармен кездесу, қандай проблемалар болуы мүмкін екенін және оны шешу жолын көрсету, - деді штаб мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбдірасұлов.

«Адал сайлау үшін» штаб мүшелері бүгінгі брифингте Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну, тіркеу барысы мен Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шешімдердің ашық әрі заң аясында болғанын атап өтті. Алайда алдағы насихаттау, дауыс беру кезеңдерінде көптеген сұрақтар мен мәселелер тууы мүмкін екенін де ескертті. 

Мысалы, кейбір сайлаушылар тізімге кірмей қалады немесе біреудің орнына біреу дауыс беріп жібереді. Міне, сондай сұрақтар туып жатқанда Қазақстан заңгерлер одағы деген сайтқа кірсе, онда телефон, электронды пошта көрсетілген. Кезекшіміз телефон көтеріп, сұрақтарды алып, штаб мүшелерінің біріне береді, - дейді Әбдірасұлов.

Сондай-ақ ол сұрақ күрделі болса, штаб демалысқа қарамай, онлайн не офлайн түрде жиналып, ақылдасып, қандай жолы бар екенін айтуға дайын екенін жеткізді.

Сотқа жүгіну керек пе, прокуратураға айту керек пе кеңес береміз. Біздің мақсатымыз мемлекеттік органдарға туындаған мәселелерді көрсету. Оған қоса, біз заң консультанттарына тапсырма беріп, олар іс болса, оны жүргізу, арыз жазу бойынша көмек көрсетеді. Штабтың мүшелері жергілікті филиалдарда да бар, олармен тығыз байланыс жасап тұрамыз, - деді ол.

Айта кетейік, «Адал сайлау үшін» штаб мүшелерінің құрамында Ермек Әбдірасұловтан бөлек, Еркін Оңғарбаев, Индира Әубәкірова, Марат Башимов, Әбдікәрім Ақжанов бар.

Жансая ҚАМБАР

Фото: автордан

 

 

 
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521