Бірінші болып дауыс берді

Аққыстау ауылдық округіндегі  №134  сайлау  учаскесінде алғашқы дауыс беруші өз таңдауын жасады,-деп хабарлайды "Нарын таңы" газеті.

 Қарапайым еңбек адамы Жайнат Шеруенов учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне сәттілік тілеп, ауыл әкімін сайлауда алғашқы болып дауыс берді.

-Бұрын да мұндай саяси науқандарға келіп, өз таңдауымды жасап жүрмін. Бұл жолы да Қазақстан азаматы ретінде, ауыл тұрғыны ретіне өзіндік үлесімді қостым. Мұндай саяси науқандарға үн қосу әрбір саналы азаматтың парызы деп ойлаймын,-дейді ол.

 №134  сайлау  учаскесінің комиссия төрағасы Ақжол Елубайұлының айтуынша, мұнда 1330 дауыс беруші тіркелген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT