Бірлесе қабылдар шешім маңызды

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясының жұмысына қатынасқан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің Конституциясына республикалық референдум арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынуы көп көңілінен шықты деп ойлаймын.

Демократиялық тұрғыдан бұл маңызды шешім екені даусыз. Бұған дейін де Ата заңымызға өзгертулер енгізілді, бірақ бұл жолғы өзгерту түбегейлі саяси өзгерістерді көздейді. Сондықтан «Жаңа Қазақстан құрамыз» деген үлкен үміт арқалаған ел үшін ендігі референдумның маңызы айрықша деп есептеймін. Тек осыған ұлт болып ұйысып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, алдағы тағдырымызға бей-жай қарамауымыз қажет. Ең бастысы, Президент халыққа үміт артты, азаматтарымыз да соған сай белсенділік танытып, өз даусының маңызды екенін сезінсе екен деймін. Бүгінгі сын – ертеңге бастар жол. Болашағымыз өз қолымызда екенін ұғынар сәт жеткен секілді, бір иедеяға жұмылар кез келгенін ұғынайық.

Саябек ШАГИРОВ, 

Исатай аудандық мәднеиет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT