Елдің саяси жүйесіндегі басты оқиғалардың бірі-сайлау науқаны. Сайлау науқанында ел болашағына бей-жай қарамайтын осы ауданның азаматшасы ретінде менде өзімді депутаттыққа үміткерлікке ұсынуды жөн деп таптым.
Өйткені елімізге мажоритарлы сайлау жүйесі азаматтар мен азаматшалардың саяси өмірге белсене араласуына кеңірек жол ашқанын көріп отырмыз.
Депутат болу - менің ұғымымда қоғамдағы өткір де өте өзекті мәселелерді дер кезінде халықпен бірлесе отырып шешу деген сөз. Сол себепті бізде елмен бірге осындай елге ортақ мәселелерді шешуге атсалысуға мүмкіндік алдық. Егер депутат болып сайлансам, "халық-депутат-билік принципі бойынша жұмыс жасауға ұмытыламын. Сондай-ақ бұдан басқа да ауданымыздың әлеуметтік -экономикалық мәселелерін шешуде белсенділік танытуға тырысамын. Әрине, бұл мәселелер бірден шешіліп кетеді деу әбестік болар. Сондықтан жаңа жоғарыда айтқанымдай, бұған халықты, депутаттарды, билікті" қатыстыра отырып, шешкеннің пайдасы өте зор екенін айтқым келеді.
Сайлау шынайы әрі демократиялық нормаларға сәйкес өтті. Ендігі жоспарымыз жоғарыда айтылған халықтық мәселелерді шешу ғана қалды.
Нұргүл Хайруллаева,
"Атамекен"ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры