Бірлескен шешім - ең ұтымды жол

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Мәскеуде Еуразия экономика форумында сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусь интеграциясына және ЕАЭО-ның өзге мүшелері арасындағы қарым-қатынастың айырмашылығына басты назар аударды.

Айтуынша, Беларусь пен Ресей одағы "екі ел – бір мемлекет" деген формулаға негізделген. "Біз ескеруге тиіс концептуал шындық немесе ерекшелік бар. Бұл – Еуразия экономика одағы аясындағы Ресей мен Беларусь одағы. Яғни әлемдік саясат тарихында бірегей құбылыс пайда болды – саяси, заңнамалық, әскери, экономикалық, валюталық, мәдени, гуманитарлық кеңістігі бір, біртұтас одақ үкіметі мен біртұтас одақ парламенті бар "Екі ел – бір мемлекет" формуласы бойынша мемлекет құрылды. Кешіріңіз, тіпті қазір екеуінің ядролық қаруы да ортақ" деді Тоқаев. Президентіміздің сөзінше, ЕАЭО-ның қалған елдерінің позициясы бөлек. "Бірақ Қазақстан, Қырғызстан және Армения интеграцияның басқа деңгейінде тұр. Осы шындықпен санасуымыз керек. Осындай жағдайда қалай жұмыс істейміз. Бұл – концептуал мәселе. Менің ойымша, осы экономикалық форумда аталған мәселені талқылауымыз керек" деді ол. Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан Мәскеу жетекшілік ететін Еуразия экономика одағына мүше. Одаққа мүше елдер өзара тауар еркіндігіне келіскен. Ресей іс жүзінде ЕАЭО елдерін өз өнімдерін өткізетін нарыққа айналдырған. Қырғызстан ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер жөнінде жиі айтып келеді. Бірлесу дегеніміз – қоластына кіру немесе ыңғайына қарау деген ұғым емес. Тек тиімді, оңтайлы тараптан барлығын бірлесе шешу деген мағына, осыны шатастырып алмаған жөн. Бір одақта бар түйіткілді бірлесе шеше білген – ең ұтымды жол деп санаймын.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521