Бірнеше жерден пышақ ұрып, бас бостандығынан айырылған

ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл бап жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық тарауында қамтылған.

Яғни, адам денсаулығына зиян келтіру – үлкен қылмыс. Мысал үшін айта кетейік.

Исатай аудандық сотында азамат Ж.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігімен қарастырылған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтағаны, сотталушы Ж. 2020 жылғы 20 қаңтарда 18 сағат 00 минут шамасында, С. екеуі бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған. Сол кезде екеуінің арасында өзара келіспеушілік туындап, жәбірленуші С жұдырығымен сотталған Ж-нің бетінен бір рет ұрып жіберген. Сотталған Ж ашулы күйге түсіп, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген. Басты сот талқылауы барысында сотталушы Ж. өз кінәсін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкінді.

Сот отырысында азамат Ж. жиналған дәлелдемелерді дауламай, өз кінәсін толықтай мойындап, өз істегеніне өкінгенін айтты.

Сот үкімімен азамат Ж. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі тағайындалды.

Барлық сотталушылар қылмыстық заңнамаға сәйкес, заңды, әділ жазаларын алған. Заңнан тыс әрекет етпеу әркімге міндет екендігі және заңсыз жолмен пайда табудың қай күнде де жазасыз қалмайтындығын естен шығармағандығымыз абзал.

Динара СЕРІКБОЛОВА,

Исатай аудандық сотының жетекші маманы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521