Биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр – Үкімет басшысы

Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-шаралары Қазақстанда инфляция қарқынын баяулатуға мүмкіндік берді. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министр бағаны тұрақтандыру Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеттерінің бірі екенін баса айтты. Осыған байланысты Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.

«Нәтижесінде, биылғы наурыз айында жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады. Кейінгі 4 аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша инфляция тіркелген жоқ. Біздің алдымызда биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұр», - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, республикада Халықтың табысын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Осы іс-шаралар аясында биыл 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті.

«Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалып келеді. Атап айтқанда, биылдан бастап 4,4 млн адамды жоғарылатылған әлеуметтік төлемдермен қамтуға 4,6 трлн теңге бөлінді», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістер ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру есебінен 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылатынын айтты.

 

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521