Биыл медицина және фармацевтика бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін қанша грант бөлінеді

Биыл медицина және фармацевтика саласы бойынша білім алу үшін талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдардан қанша орын бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ашық НҚАпорталында жарияланған Денсаулық сақтау министрінің бұйрық-жобасында көрсетілгендей, биыл мемлекеттік тапсырыс негізінде еліміздегі ЖОО-ларда мына мөлшерде орын бөлінеді:

- мемлекеттік тапсырыс аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау үшін 1 100 орын орын;

- медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында конкурс негізінде 1 600 орын;

- медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға конкурс негізінде 275 орын;

- медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 50 орын;

- жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды PhD докторантурада даярлау үшін 160 орын;

- жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандарды резидентурада даярлау үшін 2500 орын бөленеді.

Аталған орындар қандай оқу орындарынан бөлінетіні туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады.

Бұйрық-жобасы 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521