Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауларында 2024 жылы халқымыздың басына түскен қиындықтарды шешудегі бірліктің, еңбеккерліктің, отаншылдықтың үлгісін көрсеткенімізді атап көрсетті.
Жаңа 2025 жылда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Ұлы Абайдың 180 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекелерін атап өту жұмыстарында халқымыз үшін отаншылдық, патриотизм мен бірліктің,адал еңбектің жылы болатынына сенім білдірді.Бұл да біздің ұрпақтың сана-сезімін арттыру үшін жүйелі іс болары сөзсіз.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы 2025 жылды еңбек адамын дәріптеу, оны құрметтеу әрі насихаттау ретінде “Жұмысшы мамандықтар” жылы деп жариялады.
Бұл еліміздегі адал еңбектеніп, маңдай терін төгу арқылы қоғамға қалтқысыз пайдасын тигізіп, еңбек адамдарына деген зор құрметтің белгісі деп есептеймін.
Ерболат Насимуллин,
Исатай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы