«Біз – біргеміз!». Исатай ауданында тегін дәрі таратылды

Атырау облысы әкімінің қолдауымен "Біз - біргеміз!" акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасыларға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы аналарға тегін дәрі-дәрмек таратылуда.

Бүгін, яғни, 24 шілде күні аталған акция негізінде Исатай ауданында тегін дәрілер пакеті таратылды. Айтып өткеніміздей, бұл дәрілер пакеті барлық тұрғындарға емес, белгілі әлеуметтік топтарға арналған. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмутов, Аққыстау ауылдық округінің маманы Ақтоты Балмулдина және ауылдың ерікті жастарынан құралған топ үйлерді аралап, пакеттерді табыстады.

9

- Облыс әкімінің қолдауымен «Біз – біргеміз!» акциясы жалғасын тауып жатыр екен. Менің сіңлім, 2 топ мүгедегі Талжібек Ералиеваны да елеп-ескеріп дәрі-дәрмек себетін табыстап жатқандары үшін алғысымызды айтамыз. Елімізде етек жайған індеттен арылып, бұрынғы шат-шадыман сәтімізге тезірек қауышайық. Ол үшін карантиндік шектеу талаптарын сақтаған дұрыс, - дейді Өркен ауылының тұрғыны Әлия Сыехова.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT