Бұл қадам жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған

0 votes

Бұл Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңге өтуіне жол ашады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар назардан тыс қалмады. Жолдауда оқытушылардың  жалақысын арттыруды ұсынылды.

Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күресу, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселелері Жолдауда кеңінен қаралды. Жастарды жұмыспен қамту және оларға қажетті қолдау көрсету – елдің ұзақ мерзімді дамуындағы маңызды басымдықтар ретінде қарастырылады.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдің дамуындағы ерекше бастамаларымен есте қалды. Алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы еліміздің өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да секторларындағы мамандардың маңызын ерекше атап өтті. Бұл қадам елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.

Жолдау Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Елдің әр саласындағы реформалар мен жаңалықтар болашақта халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

                                                                 Гүлжан ЖУМАЛИЕВА,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT