Бүлдіршіндер топ жарды

Атырау облыстық мектепке дейінгі ұйымдардың «Болашаққа бағдар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың перспективалары» тақырыбында республикалық форумы өткен болатын. Сатанатты кеште  Аққыстау ауылының «Өркен», «Балдырған»,  «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері сахнада өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. 

 Оған қоса ән дегенде шығар жаны бөлек кішкентай Асылым Русланқызы есімді бүлдіршін сайысқа қатысып, өзін көрсете білді. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Менің елім-Қазақстаным» атты патриоттық әндер облыстық байқауынан Исатай  аудандық «Өркен» бөбекжай-бақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушісі Асылым Русланқызы 2-орынмен марапатталды. Кішкентай өнерпаздың саз жетекшісі Эльназ Жанпейісқызы да арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Бұл да ұстаз үшін үлкен жеңіс, еңбектің ақталғаны. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT