БӨЛІМДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Аудан әкімі Нұрым Мусиннің 2025 жылғы 5 тамыздағы өкіміне сәйкес, бұл қызметке Жампейсов Нұрбол Аманкелдіұлы кірісті.

Нұрбол Аманкелдіұлы 1996 жылы 6 ақпанда Атырау облысында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі жоғары. 2018 жылы Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша, ал 2022 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2021 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы қызметінен бастаған. Сол жылы аталған бөлімнің өндірістік-техникалық секторының бас маманы болып тағайындалды. 2023 жылы көлік, энергетика және байланыс секторының бас маманы, кейін абаттандыру және көгалдандыру секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2024 жылдан бері Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Аудан басшысы Нұрым Мусин жаңа тағайындаумен құттықтап, жас басшыға жауапты қызметінде сәттілік тіледі. Сонымен қатар, саладағы жұмыстарды ширату мен халықтың күнделікті тіршілігіне тікелей әсер ететін бағыттар бойынша нәтижелі еңбек ету керектігін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT