Бүгін Исатай аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау бөліміне жаңа басшы болып Қуандық Мағазов тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға таныстырған аудан әкімі аппарат басшысы Арманбек Махмутов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Қуандық Мағазов 1984 жылы 18 қаңтарда Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Жанбай ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001-2006 Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің полиция учаскелік инспекторының көмекшісі,
2007-2011 жылы Исатай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі, қызмет көрсету залының бастығы,
2011-2017 жылы Исатай аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маман-заңгері,
2017-2019 жылы Исатай ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маман -заңгері,
2019 жылы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың кадр жөніндегі маманы,
2020-2021 жылы Атырау облысы Ауыл Шаруашылығы басқармасының кадр жөніндегі бас маман – заңгерінің міндетін атқарушы,
2021 жылы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқарманың Әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маман -заңгері,
2021 жылы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің техникалық қадағалау жөніндегі бас маман,
2022 жылдан күні бүгінге дейін Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келген.
Отбасылы
Сағыныш ҚАЙЫР