Бөлімде–жаңа басшы

Аудан әкімі Хасанов Полымбет Максимұлының 2023 жылғы 14 ақпандағы No43 өкімімен Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып Жумалиева Гүлжан Айтжанқызы тағайындалды.

Жумалиева Гүлжан Айтжанқызы 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі- жоғары. 2008 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжінің құқықтану мамандығы, 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін құқықтану мамандығы бойын- ша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Аққыстау ауылында «Ойкулова А.А» ЖШС-де нотариус көмекшісі болып бастаған. 2008-2010 жылдары «Батырхайрова М.А» ЖШС- де нотариус көмекшісі, 2011 жылы «Исатай»ЖШС-де заңгер, 2011-2013 жылдары «Исатай» ЖШС-де кредит жөніндегі маман, 2014-2019 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығында маман, 2019-2020 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығында директор, 2020-2021 жылдары Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сектор меңгерушісі, 2021-2023 жылда- ры Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығында директор қызметтерін атқарған.
Аудан әкімі жаңа басшының жұмысына табыс тілеп, бөлімге қатысты тиісті жұмыстарды уақтылы орындалуын, тұрғындардың мұң-мұқтажын заң аясында шешуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521