Бос жатқан жерді айналымға енгізу — экономиканы нығайтатын қадам

 

Игерілмей бос жатқан және заңсыз жолмен алынған ауылшаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, оларды тиімді айналымға енгізу — еліміздің дамуы үшін ерекше маңызды шара. Жер – кез келген елдің стратегиялық қоры, экономикалық тұрақтылығының негізі және халқымыздың әл-ауқатын арттыруға тікелей ықпал ететін баға жетпес байлық. Сондықтан құнарлы топырақтың иесіз қалуына немесе мақсатсыз пайдаланылуына жол беруге болмайды.

Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуі ең алдымен жердің дұрыс қолданылуына байланысты. Игерілмей тұрған аумақтар тек экономикалық шығын әкеліп қана қоймай, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де әсер етеді. Сол себепті мұндай жерлерді мемлекет бақылауына алып, ауылшаруашылық өнімін өндіруге қабілетті, жердің қадірін түсінетін, еңбектің мәнін білетін азаматтарға беру — өте тиімді шешім. Бұл, бір жағынан, ауылдық аймақтардың әлеуетін арттырса, екінші жағынан, адал еңбек ететін шаруаларға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жерді тиімді игеру — тек шаруаның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ мүддесі. Өйткені өңделген алқаптар көбейген сайын ел экономикасы нығайып, ішкі нарықтағы өнім көлемі артады, экспорттық әлеует те күшейеді. Осылайша, жер ресурстарын дұрыс басқару еліміздің ұзақ мерзімді дамуы мен тұрақты өркендеуіне зор үлес қосады.

 

Асқар АБУОВ,

Нарын ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT