Бруцеллездің алдын қалай аламыз?

Атырау облысы бойынша  2022 жылытұрғындар арасында жедел бруцеллезбен  6 науқастіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш– 0,9  (2021ж.– 2 жағдай, көрсеткіш – 0,3) құрады.

   Бруцеллез – жануарлар мен адамдардыңзооноздық жұқпалы ауруы.  Бұл ауру адамғаауылшаруашылық малдарынан жұғады. Инфекция көзі  бруцеллезбен ауыратын жануарлар қой, ешкі, ірі мүйізді мал, шошқа болып табылады. Адамдарүшін  ең қауіптісіқой-ешкі малы.  

  Аурудың қоздырғышыбруцелла деп аталатынмикроорганизмдер тобы. Бруцеллалар сыртқыортаға төзімді. Бруцеллалар әдеттегі температурада шикі сүтте 10 күннен 18 күнге дейін, мұздатылғанетте – 47 күннен аса, жүнде – 4 айға дейін, ағындысуда – 12 күнге дейін, топырақта және қида -  4 айғадейін сақталады. Залалсыздандыру заттарыныңжәне жоғары температураның әсерлеріненбруцеллез қоздырғыштары тез өледі.

  Бруцеллездің жедел басталуының инкубациялықкезеңі шамамен 3 аптаға созылуы мүмкін, бірақегер бруцеллез бастапқы жасырын түрде басталып, кейін ол клиникалық айқын түрге ауысса, кейбіржағдайларда ол бірнеше айға созылуы мүмкін.  Бруцеллездің ең ауыр ағымы ешкі-қойбруцелласын жұқтырғанда болады, ал басқабруцеллалар жеңілірек ауруларды тудырады.

 Адамдар  ауру жануарларды бағып-күтуде жекебастың алдын алу шараларын сақтамағанда, олардан алынатын шикізаттарды өңдеуде және тамаққа шикі сүтті және одан дайындалғанөнімдерді, жеткіліксіз қайнаған етті  пайдаланғандажұқтырады.

      Аурудың дамуы біртіндеп жүреді. Бруцеллездіңайқын түрлері ұзаққа созылған дене қызуымен, қалтыраумен, шамадан тыс терлеумен, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен, буындардың, бұлшықеттердің, жүйке, жүрек-тамыр, несеп-жыныс жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

      Бруцеллез емделетін ауру. Дер кезіндегідиагностика мен емдеу жедел бруцеллездіңсозылмалы сатыға өтуін алдын алады. Әрбір адамбруцеллездің алғашқы белгілері байқалысымендереу дәрігерге көрінуі керек.

      Көптеген жағдайда мал төлдеу науқаны кезіндеадамдардың  бруцеллезді жұқтыру қауіптілігі жоғары болып келетіндіктен, малдарға күтімжасағанда,      төлдеу кезінде көмек көрсеткенде, түсікпен жанасқанда барлық сақтық шараларынсақтағаны жөн. Сондықтан, малдарды күтудіңбарлық жұмыстарын арнайы киім киіп жүргізуқажет. Бұл киімдермен тұрғын үйге кіруге  мүлдемболмайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолдысабынмен мұқият жуу керек.

     Ауылшаруашылық малдары арасындабруцеллезді жою малдәрігерлік шаралардыұйымдастырумен, ауру малдарды дер кезіндетексеріп, анықтаумен байланысты. Әрбір мал шаруашылығы, жеке мал қожайындары міндеттітүрде малдарын бруцеллезге тексертуді, малдәрігерінің рұқсатынсыз етті, сүтті сатпау, базардан жеке адамдардан мал сатып алғандамалдәрігерінің рұқсат қағазын талап етуі қажет. Сондай-ақ мал қожайыны малдағы іш тастаудың, төлдің өлі туылуының әрбір жағдайынмалдәрігерлеріне хабардар етуге міндетті.

      Осы жоғарыда көрсетілген нұсқамалардысақтай отырып, Сіз өзіңізді және жақынтуыстарыңызды бруцеллезді жұқтыруданқорғайтыныңызды әркез жадыңызда ұстаңыз.

 

 

Танауов Мәдениет Рашидұлы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521