ҰБТ: ТАЛАПКЕР ЕКІ МҮМКІНДІККЕ ИЕ

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Республикалық Ұлттық тестілеу орталығы басшысы Руслан Тохтарбекұлы Емелбаев мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева, ауданның 10 орта мектеп директорлары, 11-сынып оқушылары және көршілес Құрманғазы ауданының мектеп директорлары мен ҰБТ-ға жауапты техникалық хатшылар қатысты. Кездесу  барысында ҰТО басшысы Руслан Емелбаев 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңашылдықтары мен  өзгерістерін таныстырып,  нысаналы және мемлекеттік грант конкурсы мен квоталар туралы ақпаратпен бөлісті. Биылғы жылы еңгізілген өзерістер туралы, тест құрылымы мен сұрақтарына, әр пән бойынша шекті деңгейлерінің өзерістеріне  екпін берді.  Биылғы ҰБТ-да ешқандай өзгерістер жоқ екенін тілге тиек еткен Р.Емелбаев түлектерге  тестілеудің ережесі мен талабын да ескертті.

  • Иә биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу форматында өзгеріс жоқ, бірақ уақыт та ғана өзгеріс бар. Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ-ның өту уақыты 30 минутқа қысқарып отыр. Мектеп түлектері 2024 жылы да ҰБТ-ны 5 рет тапсыру мүмкіндігіне ие. ҰБТ тапсыру уақытын екі негізге бөліп қарастырамыз. Яғни қаңтар, наурыз тамыз айларындағы тестілеу ақылы түрде өткізіледі. Аталмыш уақыттағы тестілеу сертификаттары Жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне қана жарамды. Талапкер қаңтар айында ҰБТ тапсырып, 140 балға ие болып жатсаңыз да бұл сертификат грант конкурсына жарамсыз. Сонымен қатар қаңтар айындағы тестілеуде өзіңіз қалаған балды жинап жатсаңыз және  ЖОО тек ақылы бөлімде оқимын деп шешсеңіз онда қалған ҰБТ-ды тапсырмауға болады. Ал ең маңыздысы барша түлектің үмітке толы жүрекпен тапсыратын мамыр және маусым айындағы ҰБТ  сертификаты грант конкурсына қатысады. Ол жерде де екі мүмкіндік сақталып отыр. 2021 жылы Пандемия уақытында оқушылардың онлайн форматында оқығандарын ескеріп, осындай үлкен мүмкіндіктер енгізілді. Бір қана маңызды  мәселе бар, ағымдағы жылы яғни 2024 жылдың мектеп бітіруші түлектері екі мүмкіндікті де тегін тапсырады, ал өткен жылдың түлектері олар ақылы тапсырған болатын. Жалпы ҰБТ-ны тапсыру үшін 5 грант  бойынша бекітілген 5640 теңгені құрайды. Әр айдағы тестілеу сайын өздеріңіз қалаған таңдау пәнінен тест тапсыру мүмкіндігі бар. Бірақ грантқа жарамды екі тестілеу кезінде ең бірінші қай бейіндік пәнді таңдасаңыз екінші мүмкіндікте де автоматты түрде сол таңдау пәнін таңдайсыз. Бұны міндетті түрде ескеріңіздер,-деген ҰТО басшысы Руслан Емелбаев түлектерге бейіндік пән таңдауда, яғни мамандықты көздегенде де асқан байыптылықпен таңдау жасау керктігін жеткізді.

Шараға жиналған оқушылар ҰБТ-ы өзгерістері мен жаңашылдықтарына бар зейіндерін салып, ұйып тыңдады. Абай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы   Нұрәділ Муталип «Қаңтар ҰБТға  тіркелу қашан ашылады?», «IELTS,TOEFL  эквиваленті 50 балдық жүйеге бейімделема? Қашан салынады?», «SAT эквиваленті барма?Қандай болады?», «Атестаттың орта баллына универде талап қандай, онда шекті балл секілді универ өзі бекітема?», «Сіздің арнайы сайт құлап қалуы мүмкін ба яғни адам саны көп болып көтермей қалса  , мінсіз жұмысына кепіл бере  аласызба?» деген көп түлектің толғандырған сұрақтарын қойып, заң шеңберінде тиісті жауап алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521