Бүгін Атырауда 500 тал егілді

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тал егу акциясына қатысты, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі. Акция «Атырау-Орал» трассасы бағытында «Қазақойл» жанармай бекеті маңында өтті.

Оған облыстық мәслихат пен Мейірім Қалауи бастаған қала әкімдігінің өкілдері де қатысты.   Аймақ басшысы Серік Жамбылұлы биыл бір ғасырлық мерейтойын атап өткен «Атырау» газетінің фототілшісі Ерлан Алтыбаевпен бірге ағаш екті. Осылайша, барлығы 500 тал егілді. Атырау қаласын көгалдандыру жөніндегі жоба жетекшісі Леонид Задерныйдың айтуынша, бұл талдар дәннен өсіріліп, 70 гектар арнайы үш-төрт жыл баптап-күтіледі. Содан соң ғана қазылып алынып, қалаға егіледі екен. «Біздің мекеме облыстық әкімдікпен бес жылға келісімшарт жасасқан. Жыл сайын 5 мың түптен тал егеміз.

Биыл – соңғы жыл. Осы көктемнің өзінде 300-дей тал егілді. Енді күзде отырғызамыз. Қазір Әбілқайыр хан, Берғалиев көшелері, Атырау-Орал, Атырау-Астрахан тасжолдарының бойында жайқалтып отырған жасыл желегіміз 25 мыңға жуықтады. Жалпы алғанда, қаладағы 67 мың тал, 130 шаршы метр жасыл алаң (газон), 12 мың шаршы метр гүлзар – осының бәрін күтіп-баптау біздің міндетімізге жатады» дейді ол.

Ербол ҚОШАҚАНОВ, Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Е.Қошақанов, Е.Алтыбаев

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521