Аудандық ардагерлер Кеңесінің Пленум жұмысында ардагерлер Кеңесінің 2020 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалып, аталған Кеңеске жаңа төраға сайланды.
Пленум мүшелерінің бірауыздан қолдауымен аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасы қызметі Қабылова Гүлбану Ружанқызына жүктелді.
Гүлбану Ружанқызы 1957 жылы дүниеге келген.
Атырау мәдени-ағарту училищесін бітіріп, Жамбыл орталау мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастайды. 1977 жылы аудандық орталық кітапханаға жұмысқа орналасып, үзіліссіз 40 жыл еңбек етеді, зейнетке шыққанша 23 жыл кітапхана директоры қызметін атқарады.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып жүрген Гүлбану Ружанқызы қазіргі уақытта аудандық сот жанында медиатор, «Парасат жолы» қоғамдық қорының және Аққыстау ауылдық аналар Кеңесінің төрайымы.
Өз тілшіміз.