Бүгін Исатай ауданында тал егу акциясы өтті

Таңертең ертемен басталған «Таза ауыл – таза ауа» атты жалпыаудандық сенбілік және тал егу акциясында әр мекеме, мектеп-балабақша ұжымдары өз ғимараттары айналасын тазартып, тал егу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, бүгін 1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздік құрдастары Аққыстау ауылынан арнайы саябақ үшін өздеріне бөлінген жерге, тал отырғызу жұмыстарын бастады.

i

i

1d7541ea-e23b-4613-9052-b5a2e1af99b9

Тәуелсіздік құрдастарының игі бастамасын құптап, алғысын білдіруге арнайы келген аудан әкімі Полымбет Хасанов:

- Ауданымызды көгалдандыру тек әкімдік айналысатын іс деп түсінбеу керек. Біз өзіміздің тарапамыздан бюджеттен қаржы бөлдіріп, көгалдандыру жұмыстарын жасап жатырмыз. Өздеріңіз көріп жатқан боларсыздар, «Қаратүбектегі» каналдың жағасына, Селхозтехникадан шағын саябақтардың қоршаулары дайындалды, енді көгалдандыру жұмыстарын жүргізгелі жатырмыз. Бірақ ауыл тұрғындары, жастар да игі бастамаларды қолға алып, ауылдың өркендеуіне үлес қосса, біз үшін де қуанарлық жағдай. Сіздердің игі бастамаларыңызды қолдаймыз, қажет кезінде техникамен де, жұмыс күшімен де көмек ұйымдастыруға болады. Істеріңізге сәттілік тілеймін, - деді.

Аққыстау ауылдық округі әкімі Ғаділ Боранбаевтың айтуынша, 1991 жылы туған азаматтар маусым айында келіп, өздерінің көгалдандыруға қатысты ұсыныстарын білдірген. Осыған орай, заң талаптарын сақтай отырып, каналдың жағасынан жер бөлінген, бірақ жер телімі Аққыстау ауылдық округінің теңгерімінде. «Тәуелсіздік құрдастары» жаз бойы өздері саябақ аумағын қоршап, шұңқырларын қаздырып, құнарлы топырақ тасымалдап, дайындық жұмыстарын қызу жүргізген және тал отырғызудан бөлек, саябақтың болашақтағы күтіміне де атсалысуға ниетті көрінеді.

i

1991 жылы туған азамат Ерлан Тарихов:

- Біз бұл ісімізді «мемлекет не береді» дей бермей, осы ауылдың азаматтары ретінде, ауылдың дамуына, көркеюіне үлесімізді қоссақ деген оймен жасап жатырмыз. Еліміздің кейбір өңірлеріне қарасақ, біздің ауылымыздан жағдайы төмен ауылдар көп. Құдайға шүкір бізде газ, свет, су бәрі бар, барлық жағдай жасалған, бізге жетпейтіні – жасыл желек, таза ауа. Жаз келсе, шаңның ортасында қаламыз. Сол үшін құрдастарымызбен ақылдасып, осы істі қолға алуды жөн көрдік. Атымызды шығару мақсат емес, тек ауыл азаматтары сауапты істерде, жақсылықта жарысуына қозғау болсақ деген ниетіміз бар, - дейді.

i

Айта кетейік, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме-бөлім басшылары, ауыл тұрғындары қатысқан тал егу акциясы мерекелік сипат алғандай болды.

Нұрболат НҰҒМАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT