БҮГІНГІ САЙЛАУ БҰРЫНҒЫ САЙЛАУ ЕМЕС

Бұл сайлаудың қоғамды біріктіре түсудегі маңызы зор. Қазіргідей әлемдік геосаяси жағдай шиелініскен тұста оның мәні еселене түседі. Иә, көпшілікке “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” заңға түбегейлі өзгерістер енгізілгені белгілі. Ол  Қазақстанның парламентаризмнің жаңа деңгейіне өтуіне, Әділетті Қазақстан құрудағы талпынысына тың серпін береді.

Әсіресе, саяси науқанның аралас, мажоритарлық жүйе бойынша өтетінін ерекшелеп айтуға болады. Өздеріңіз білетіндей, Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарының 70 пайызы партиялық тізімдер бойынша, ал 30 пайызы бірмандатты округтер бойынша сайланады. Сондай-ақ, сайлау аралас жүйесі бойынша 50-ден 50-ге дейінгі арақатынаста өтеді. Ал, аудандар мен облыстық мәслихаттарға депутаттарды сайлау тек бірмандатты округтер бойынша сайланады. Бұл сайлауалды компаниясын белсенді өткізуге мүмкіндік берді. Менің ойымша, осы жолы өзін-өзі ұсынушыларға барлық мүмкіндік берілді, олар және ерекше белсенді болды. Тағы бір басты жаңашылдық - депутаттық мандатты қайтарып алу мүмкіндігі. Егер депутат уәде беріп, өз бағдарламасындағы тармақтарды орындамаса, онда сайлаушылар оны мәртебесінен айыра алады. Бұл халық қалаулыларын өз уәделеріне берік болуына, міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға мәжбүр ететіні анық. «Барлығына қарсы» бағаны сияқты тағы бір маңызды мәселе бар. Әрине, әр дауыс маңызды, егер бұрын «сайлаушының қатысуы ештеңені шешпейді» делінсе, қазір сайлаушы қаласа барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады. Егер осыған қатысты көрсеткіштер белгілі бір деңгейден асып кетсе, онда мұны атқарушы билікке қатысты соғылған дабыл деп түсінуге болады. Мұндай өзгерістер болашақта сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, Францияда сайлау жүз пайыз мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Болашақта біз оған жетеміз деп ойлаймын. Біздің сайлау халықты біріктіре түсетініне сенім бар. Жалпы, бұл жолы кандидаттардың сенімді өкілдері де белсенді болды. Көптеген жастардың өзін-өзі ұсынғаны да қуантады. Олар саясаттан хабары бар өте сауатты адамдар және халықтың сеніміне ие. Әлемдік әлеуметтанулық тәжірибеде қолданылатын дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шығу кезінде әлеуметтік қызметтер жүргізетін азаматтардан сұрау рәсімін атап өткім келеді. Ол «Exit poll» деп аталады және оның негізгі міндеттері сайлау нәтижесін жедел болжау мүмкіндігін алу, сайлаушылар туралы статистикалық мәліметтерді жинақтау болып табылады. Сонымен, бұл американдық жүйе Қазақстанда өте танымал болды, тіпті сайлау туралы деректерді объективті түрде береді.

 

 

 

Сайфулла САПАНОВ, тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT