Бүгіннен бастап жамағат намазы оқылатын болды

Исатай аудандық "Зинеден Құрасұлы" мешіті бүгіннен, яғни, 2 қарашадан бастап карантиндік талаптарды орындай отырып жамағатпен намаз оқуға дайын.

Бұл туралы Исатай ауданының бас имамы Шалхар Дәулетханұлы хабарлады. Соңғы қаулы бойынша мешіттерде жамағатпен бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілген болатын. ⠀

"Комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады. Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды" деді ауданның бас имамы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT