«Бұл – барып тұрған саяси анахронизм». Тоқаев тоқ етерін айтты

Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауын тыңдадық. Әрине, Жолдауды тыңдап қою жеткіліксіз, оның мән-мазмұнына үңіле қарау әр ауылдасқа парыз десек болар.

Өйткені, оның бәрі елдің бүгіні, ертеңі үшін айтылған, зерделенген, ойластырылған, міндеттелінген жайттар. Осы ретте өз басым бұл Жолдауды қоғамдағы өзекті мәселелерді толық саралап, оның шешу жолдарын нақты көрсетіп берген құнды құжат ретінде қабылдадым.

«Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» - бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы, дұрыс және әділ шешім шығару қажет» деп Президенттің қадап айтуы қоғамның басты құндылығы адамдардың құқын қорғап, әл-ауқатын жақсартуды негізгі бағыт етіп алып отырғанын көрсетеді деп толық айта аламыз.

Өз басым, жергілікті өкілетті орган жүйесінде жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкер ретінде, осы Жолдауда мәслихаттардың жұмысын жетілдіруге ел басшысының назарын аударуы қоғамды демократияландыруға бағытталған нақты қадам деп есептеймін. «Мәслихаттар өкілді орган ретінде өңір қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға жауапты. Бірақ көп жағдайда олардың пікірі ескерусіз қалады. Бұл – барып тұрған саяси анахронизм» деді Президент Қ.Тоқаев. Сондықтан алдағы уақытта көптеген жылдар бойы қордаланып қалған аймақтық, жергілікті проблемаларды шешуге депутаттар араласуы үшін оларға қосымша құзіреттер берілуі мүмкін деген ойға қалдым. Сонымен қатар халық қалаулыларының жұмысы мөлдір, ашық болуына жағдай жасалып, мәслихат сессияларының мәжілістері міндетті түрде әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке онлайн көрсетіледі. Бұл депутаттардың жеке жауапкершілігін арттырып, олардың бұқара жұртшылықпен тығыз байланыс орнатуына жол ашады деп есептеймін.

Мүтиғолла НАСИХАНОВ,

Исатай аудандық мәслихат аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT