БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ – ЕЛ ӘЛЕУЕТІНЕ

 

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII сайланған  аудандық мәслихаттың кезекті ХХХV сессиясы өтті. Аудан өміріндегі маңызды мәселелер кеңінен талқыланған бұл жиынға аудан әкімі Нұрым Мусин, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов жүргізіп отырды.

Сессияның күн тәртібінде ең алдымен өткен жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы қаралды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынзер Сапаева баяндама жасап, бюджеттің түсімдері мен шығыстары, олардың мақсатты әрі тиімді жұмсалуы туралы жан-жақты мәлімет берді. Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Жиын барысында аудан бюджетін орындау қанағаттанарлық деп танылып, тиісті шешім қабылданды.

 

 

Округ әкімдері есеп берді

Келесі кезекте ауылдық округтердің бюджеттік жос-парлары мен орындалу барысы тыңдалды. Бұл бағытта округ әкімдері –  Арслан Амиров, Рафиғат Тажиденова, Ерлан Махсотов, Асқар Абуов, Айгүл Адилова және Асылан Ғұбашев өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Әкімдердің айтуынша, бөлінген қаражат негізінен әлеуметтік салалар мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Ауылдағы жолдарды жөндеу, жарықтандыру, су желілерін тарту сынды жұмыстарға екпін берілгені айтылды.

 

 

Тексеру комиссиясы нені көрсетті?

Аудандық бюджеттің атқарылу барысына Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан жүргізілген талдау нәтижесімен комиссия мүшесі Жанат Дауталиева таныстырды. Талдау барысында кейбір кемшіліктер мен ұсыныстар айтылып, оларды болашақта болдырмауға қатысты нақты ұсыныстар берілді. Бұл есеп те депутаттар назарына ұсынылып, бекітілді.

 

 

Жалғасы газеттің №26 (4239) санында

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT