Чернобыль апатының ардагері өз таңдауын жасады

 

Бүгін Қамысқала ауылында сайлау учаскесі ерекше сәтке куә болды. Елдің тарихында батылдық пен жауапкершілік үлгісін қалдырған ардагер, Чернобыль апатының қатысушысы Алхам Кубашов өз таңдауын жасау үшін №128 сайлау учаскесіне келді.

Ел алдындағы қызметі мен тәуекелді сәттердегі ерлігі арқылы танылған ардагердің дауыс беруі – әрбір азаматтың азаматтық борышын орындауының нақты көрінісі. Алхам Кубашов өз таңдауы арқылы елдің болашағына деген сенімін паш етіп, жастарға үлгі боларлық азаматтық ұстанымын көрсетті.

 

 

Ардагердің сөзінен қоғам алдындағы жауапкершілігі мен азаматтық парызы анық көрінді: «Әр дауыс – елдің болашағы үшін», – деді ардагер.

Бүгінгі дауыс беру тек жеке таңдау емес, сонымен қатар тарихи тәжірибе, батылдық және қоғам алдындағы жауапкершіліктің айнасы болып отыр. Мұндай аға буынның қатысуы сайлаудың мәнін арттырып, ауыл тұрғындарына сенім сыйлайды.


К.ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT