Дәрігер отшашудың балаларға несімен қауіпті екенін айтты

Жаңа жыл қарсаңындағы қатты тарсыл-гүрсіл балалардың үрейін алып, денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

Бұл туралы «360-қа» берген сұхбатында Мәскеу облысының бас педиатры Ниса Одинаева айтты.

Оның айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар түнде, тіпті мереке күндері де ұйықтауы керек, өйткені жарылғыш петарда мен отшашулардың тарсыл-гүрсілінен кейін стресс туындап, бұл бала ағзасы жұмысындағы ауытқушылыққа әкеліп соғуы мүмкін.

- Қорқыныш, үрей стресс туғызуы мүмкін, содан кейін бұл асқазан, ішек жолдары функциясының бұзылыстарына, іштің ауруына, зәрдің ұстамауына да соқтыруы ықтимал. Сондықтан бала қайда бара жатқанын білуі керек және ол кішкентай бала болмауы тиіс, өйткені Жаңа жыл қарсаңында 12 жасқа дейінгі балалар ұйықтап жатуы керек.

Ол ата-аналарға түнде балаларды сыртқа шығару қауіпті екенін ескертті.

Сонымен қатар маман балалар жаңа жылдық мерекелерде, онда да мерекеде ғана емес, қысқы демалыста жиі жарақат алатындығын еске салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521