Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нысанның кабинеттері жаңарып, халыққа медициналық көмек беру мүмкіндігі артқан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендердегі медициналық қызмет көрсету ахуалына жіті тоқталған еді. Президентіміздің айтуынша, күні бүгін Қазақстан бойынша 650 ауылға медициналық мекеме жетіспейді екен.
Бұл бағыттағы жұмыс бойынша нақты тапсырманы да тиісті мекемелерге жүктеді. Осыған орай өткен жылдың сәуір айынан бастап, ауыл орталығындағы дәрігерлік амбулаторияны «Иман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күрделі жөндеуден өткізуді қолға алған еді. Сөйтіп, аз уақыт ішінде жөндеу жүргізілген амбулатория жуырда пайдалануға берілді. Қазір дәрігерлік амбулатория тіркелген 4900 адамға медициналық қызмет көрсетеді. Күндізгі стационарға арналған 10 орын бар.
Бекболат Қуанышов, аудандық орталық аурухана басшысы:
-Дәрігерлік амбулаториямызда өткен жылы 65 408 775 млн теңге қаржының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сыртқы келбеті жаңарды. Бұған дейін кірберісте бізде тамбур болған жоқ. Пандус стандартқа сай жасалынды.Бұдан бөлек, екпе кабиненттері де стандартқа сай қалыпқа келтірілді. Мұнда қазір 3 дәрігер маман қызмет атқаруда. Олар да биыл атқарылған күрделі жұмысты аса қуанышпен қабылдады.
Дина Салихова, Тұщықұдық ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері:
-Ыстық су, кәріз жүйесі барлығы жаңартылды. Ғимаратымыздың іші жылы әрі жарық. Қабылдауға келушілер де ғимаратымыздың өзгергендігін айтып жатыр. Өзіміз де ризамыз. Осында өзімізді жайлы сезінеміз.
Тұщықұдық ауылында күні бүгіндері 5370 адам тұрады.
Аяпберген САЛИХОВ