«Дала академигі» кітабының таныстырылымы өтті

Туған өлке тарихын терең зерттеуші, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, жаратылыстану ғылымдары академигі Мақсот Жолжановтың «Дала академигі» кітабының біздің ауданда да таныстырылымы өтті.

Өлке тарихына тиесілі тың ақпараттар жазылған бес бөлімнен тұратын жаңа кітаптың тұсауы жуырда ғана кесілген болатын.

citap140220

Исатай аудандық музейінде өткен танымдық шараға өлкенатушы М.Бектенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Құлғалиева, ішкі саясат бөлімінің бас маманы В.Мұхитова, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Шагиров және аудан мектептерінің тарих пәні ұстаздары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

jolj14

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының екінші жартысынан бастап, туған өлкенің тарихын, ондағы жер-су, елді мекен аттарының сырларын жан-жақты зерттеп, үш мыңға тарта атаудың мән-мағынасын түбегейлі тиянақтаған, бүгінде ауыл академигі атанған Мақсот Жолжановтың еңбегі ұшан-теңіз. Бұл кітап арқылы оқырман үш бірдей ғылым саласы тіл, тарих және жағрапияны қамтиды. М.Жолжанов кезінде ұлы сазгер бабамыз Құрманғазының туған, өмірден өткен жылдарын дәл анықтап, 175 жасқа толу мерейтойының республика көлемінде екінші рет тойлануына негіз болған бірегей ғалым ретінде есте.

citap-1402

Жуырда ғана баспадан шыққан кітаптың таныстырылымында жиналғандар зерттеушінің еңбегі жайлы әңгіме қозғап, сыр шертісті.

1402203

Айта кету керек, аталған кітап Атырау облысы әкімдігінің демеушілігімен, інісі Е.Жолжановтың қолдауымен, өлкетанушы Ө.Әлімгереевтің рецензиялауымен, облыстық тариха-өлкетану музейінің басшысы Р.Харипова, музей қызметкерлері С.Нұрпейісова, Г.Тауманова, А.Мұсағалиева, В.Шапикованың баспаға дайындауымен жарық көрген.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521